80 жастағы кемпір үйіндегі ваннасында тұншығып өлді
ФОТО: 80 жастағы кемпір үйіндегі ваннасында тұншығып өлді

ФОТО: 80 жастағы кемпір үйіндегі ваннасында тұншығып өлді

Ресейдің Омбы қаласында 80 жастағы кемпір үйіндегі ваннасында тұншығып өлді.

Om1.ru порталының хабарлауынша, 8-ші тамызда анасының қалын сұрауға келген ұлы оның өлі денесін  тауып алған.

Ер адам пәтердің есігін өзінің кілтімен ашып кірген. Әдетте жүгіріп келіп қарсы алатын анасы еш жерден көрінбеген. Жүрегі су ете қалған ұлы шарқ ұрып анасын дауыстап іздей бастайды. Ас үйде, жатын бөлмеден таппаған соң шомылатын бөлмеге барса... анасы ваннадағы судың ішінде өліп жатыр... 

Жедел жеткен дәрігерлер тек анасының қайтыс болғанын ғана нақтылады.

Алдын ала болжам бойынша, зейнеткер ваннаға түсіп отырғанда өзін жаман сезінген. Содан құлап, суға тұншыққан.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері кейуананың өлімі фактісін әлі де егжей-тегжейлі тексеруде. 

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...