Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап кетті
Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап кетті

Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап кетті

Таразда 6 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. 

«Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар  бала бесінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқыс оқиға Самал шағын аудандағы үйлердің бірінде болған. Ес-түссіз күйде ауыруханаға жеткізілген қыздың өмірі үшін дәрігерлер бар күштерін салып күрескен.

Өкінішке орай, олар баланы аман алып қала алмаған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бүлдіршіннің жарақаты қатты ауыр болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...