{metadescription}
Гей-порно жұлдызын көшеде сабап тастады

Гей-порно жұлдызын көшеде сабап тастады

Гей-порно жұлдызы және ашық гомосексуалист Уэсли Вудсті (Wesley Woods) көшеде белгісіз біреулер сабап тастады.

Оқиға Батыс Голливудта — ЛГТБ өкілдері ең тығыз орналасқан АҚШ ауданында болды.

Порно жұлдыз өзін ұрғаны жайлы "твиттерде" жазды. Вудстың мәлімдеуінше, ол жаяу жүргіншілер жолымен өзінің ең жақын досымен бірге  "жайбарақат" келе жатқан. Кенеттен белгісіз үш жігіт оларға тап берген. 

Актердің айтуынша, құдай сақтап, бетін аман қалдырған. Тек ерні аздап зақымданған. "Оқасы жоқ, оны білікті бет әрлеушілер жөндеп береді, жақында маңызды түсірілімдер күтілуде, соған дейін есімді жинап алсам болды", - дейді ол. 

—  Сіздер түсінулеріңіз керек, тіпті ең қауіпсіз деген жерде сізді ұрып-соғып кетуі мүмкін, соны естен шығармаңыздар. Әрдайым абай болыңыздар, өз өмірлерің үшін күресуге дайын болыңыздар".

Аталмыш тақырыпқа бағытталған басылымдардың біріне сұқбат берген Вудс бұл оқиғадан кейін бүкіл денесінің ауырып жүргенін жасырмады. Ал актер полицияға және дәрігерлерге неге арызданбағанын ашып айтпады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде