ВИДЕО: Тараздық жаттықтырушы халықтан кешірім сұрады
Тараздағы "Атлетик" спорт кешенінің мұғалімі Алмат Баетов мұсылман қауымнан кешірім сұрады.
10:58 15.08.2018
Жаттықтырушы Алмат Баевтов өзінің кінәлі екенін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Ал, Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы бапкердің әрекеті заң аясында тағы қаралатынын айтып отыр.
Еске салсақ, Тараздағы "Атлетик" спорт кешенінің жаттықтырушысы Алмат Баетов намаз оқыған оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуған.
Қасиетті төсенішті қорлау сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тез тарап, қызу талқыға түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!