Ерейментаудағы кеніште жүргізуші тоққа түсті
Ақмола облысында кеніш жүргізушісін тоқ соғып көз жұмды.
17:11 15.08.2018
Полицейлердің дерегі бойынша, оқиға 2018 жылғы 14 тамызында Ерейментау ауданының кеніш аумағында болған. Бұл туралы участок басшысы ІІД телефон арқылы хабарлаған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Howo» көлігінің 1985 жылы туған азамат кеніш аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде көлігімен электр сымдарын қағып кеткен. Кейін көлігінен шыққан кезде оны тоқ соққан», -деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты соттық медициналық сараптама тағайындалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары