{metadescription}
Қарттар үйінде өрт болып, 10 адам қаза тапты
Чилидің Чигуянта қаласындағы қарттар үйіндегі өрттен 10 қарт әйел қайтыс болды. Тілсіз жау түнде шарпыған. Тек үш әйелді ғана аман алып қалды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Био-Био аймағының губернаторы, персонал қарттар орналасқан бөлмені өрттен 10 минут бұрын тексергенін айтты. Сол кезде күдікті ештенке байқалмаған. Куәгерлердің айтуынша, өрттің шығу себебі қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Тергеушілер тергеу жұмыстарын жүргізуде.
14:25 16.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!