Қазақ жігіті рекорд орнату үшін үш тәулік ұйықтамады
Алматы облысының тұрғыны бес жасынан тоқыма тоқумен айналысады және бұл ерлердің ісі емес дейтіндермен келіспейді.
01:11 18.08.2018
Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғыны Нұрлан Жартыбеков 72 сағат ішінде үзіліссіз ені 30 см, ұзындығы 43 метр болатын мойынорағыш тоқып шықты.
Қазақстан рекордтар кітабына рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков Нұрланға 72 сағат ішінде тоқыма тоқып, Қазақстан рекордтар кітабына кіргені туралы сертификатты тапсырды.
"Ата-анамның айтуынша, бес жасымнан тоқуды үйреніппін. Көпшілік мұны ерлердің ісі емес деп ойлауы мүмкін, алайда ең бастысы бұл өзіме ұнайды. Мен көзді байлап тоқудан Қазақстан рекордын орнаттым, енді үзіліссіз үш тәулік тоқыма тоқып, Қазақстан рекордын жаңартып отырмын", — дейді Жартыбеков.
Ол Бразилияда орнатылған әлемдік рекорд туралы айтып берді – онда ер адам 64 сағат бойы ілгекпен тоқыған. Ал Нұрлан Жартыбеков 72 сағат тоқығандықтан, ол әлемдік рекордты да жаңартқан болуы мүмкін.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!