{metadescription}
Жолаушылар жанып жатқан ұшақты видеоға түсіріп алды
Қозғалтқышы өртенген жолаушылар ұшағы әуежайға қайта оралды.
13:20 22.08.2018
Уфа — Сочи рейсін орындаушы, Ту-204 жолаушылар ұшағынын қозғалтқышынан өрт шығып, әуежайға қонды.
Борт жолаушыларды Сочиге апаруы керек болған, алайда әуеге көтеріле салып жерге қонды. Адамдар әуе кемесінен үрмелі басқыш көмегімен эвакуацияланды.
Бортта 204 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. Жолаушылардың бірі қозғалтқыштың өртенген сәтін видеоға түсіріп алған.
Ұшақ рейстерден алынып тасталған, қазір оқиға тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!