Бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала 67 жылдан кейін қауышты
Ли Кем Сом бауыр еті баласынан 67 жыл бұрын көз жазып қалған.
14:19 22.08.2018
Баласы Солтүстік Кореяда, өзі Оңтүстік Кореяда тұрады. Ли Кем Сом баласын көрмегеніне 67 жыл болды. Баласы анасынан ажырап қалғанда жасы небәрі 4-те еді.
- Оны көргенде «Қалайсың? Қайдасың? Кіммен тұрып жатсың? деп сұраушы едім, - дейді Ли Кем Сом.
Ол баласын іздеп оңтүстіктен солтүстікке келді. Ана жүрегі бұл кездесуді 1951 жылдан бері күтті. Кездесу үш күнге созылады. Екеуі бұдан кейін кездеспеуі де әбден мүмкін.
Дереккөз: qamshy.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!