{metadescription}
Қазақстанда денсаулық сақтау туралы жаңа кодекс əзірленуде

Қазақстанда денсаулық сақтау туралы жаңа кодекс əзірленуде

Қазақстанда «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодекс жобасы əзірлену үстінде.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

 «Елбасы тапсырмасына сəйкес, осы жылдың басынан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодексті қайта әзірлеу қолға алынды», -деді  ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

"Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жаңа кодексті əзірлеу барысында басты бағыттар ретінде ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстанның əлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылу жəне «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспары басшылыққа алынғанын айтты. А.Цой бүгінде кодекс жобасының тұжырымдамасы дайын екенін айта келе: 

«Заң жобасы келесі 7 бөлімнен тұрады: жалпы ережелер, қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, білім жəне ғылым қызметі, фармацевтика қызметі жəне дəрі-дəрмек қаражатын қарастыру, адами ресурстар жүйесі жəне денсаулық сақтау саласындағы құқықтық аспектілер»,-деді.

Спикердің айтуынша, əзірлену үстіндегі заңнама ұзақмерзімді, тиімді жəне денсаулық сақтау моделіне толықтай жауап береді.

«Жаңа кодекстің мақсаты - қолданыстағы заңнаманы негізге ала отырып, қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту, медициналық білім беру жүйесін жетілдіру жəне цифрлы жүйеге көше отырып сапалы қызмет көрсету», - деді вице-министр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.