{metadescription}
Семейде жоғалған 17 жастағы қыз табылды

Семейде жоғалған 17 жастағы қыз табылды

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында осыдан бір бұрын жоғалып кетіп, іздеу салынған 17 жастағы қыз табылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

23 шілде күні Сымбат Мұқатаева үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Жасөспірім қызды іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер жұмылдырылды.

Бір айдан астам уақыт із-түзсіз кеткен қызды іздеген полиция қызметкерлері оны 27-ші тамыз күні тапты.

Қазір қыз үйінде. Алайда Сымбаттың осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз. Анасы Маржан Тәжікова бұған қатысты ақпарат беруден бас тартты.

«Ол жайлы ештеңе айта алмаймын. Бастысы балам аман-есен үйге оралды»,- деп сөзін қысқа қайырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде