{metadescription}
ВИДЕО: Банктің кассирі клиентінің жағына қаламсап тығып, қанжоса қылды

ВИДЕО: Банктің кассирі клиентінің жағына қаламсап тығып, қанжоса қылды

Ресейдің Воронеж қаласында банктің кассирі ызаланып, клиентінің жағына қаламсап тығып алды.

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, банк қызметкері ол қаламсаппен бетінің терісін сүйегіне дейін тесіп қана қоймай, басынан да ұрған. Жапа шеккен әйел полицияға арыз жазды.

— Орнына атып тұрып, маған шабуыл жасады. Ұрып-соқты. Басымнан соққы алдым. Жүрегім айнып тұр. Қаламсаппен жақ сүйегіме дейін тесіп өтті. Ұзақ емделу керек болды. Қолым да жарақаттанды — дейді Ольга.

Айтуынша, банктегі өзге қызметкерлер көмекке келудің орнына күліп отыра берген. Су сұрағанда ешқайсысы суды да ұсынбаған.  

Бұдан бұрын жергілікті БАҚ бұл жанжалдың неден болғанын жазған. Банкке ақша айырбастауға келген әйелдің қолындағы бір купюра  қатты умаждалған екен.Кассир оны алудан бас тартыпты. Нәтижесінде екеуі дауласып қалып, ашуға булыққан кңассир клиентінің жағына қаламсабын тығып алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.