{metadescription}
ВИДЕО: Камераға қарап жел шығарған күзетші жұмыстан қуылды

ВИДЕО: Камераға қарап жел шығарған күзетші жұмыстан қуылды

АҚШ еліндегі Флорида қаласының ауруханасында істейтін күзетші  Пол Флэрт жарты жыл бойы камераға қарап жел шығарып жүрген.

Онымен қоймай, өзінің "газ шығару" қылығын Instagram парақшасына салып отырған. Жұмыс берушілер күзетшінің оғаш қылығын көріп, оны ойланбастан жұмыстан шығарып тастады.

"Маған Голландия, Германия және Ұлыбританиядан адамдар жазды... Кейбіреуі апта соңында шаршап, қажығандарын айтты, бірақ менің роликтерімді көргеннен кейін ілезде көңілдері көтеріліп, ішегі қатып күлгендерін жазды. Олар бақытты, ал менің жазбам оларға қуаныш әкелді", —  деді Флэрт тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол бір қолданушының менің ролигімді көрген соң есірткі қолдануын тыйғанын айтты.

Бір қызығы, оның Instagram парақшасына 45 мың адам жазылған. 31 жастағы Пол адамдарға 70 видеоролик көрсетіп үлгеріпті. 

Ал оның жұмыстан шығарылу себебі - жұмыста смартфонды қолдануға қатысты жеке күзет компаниясының саясатын сақтамауы.

Видео авторы: Brandon Clever

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде