Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Су астында шахмат ойнаудан әлем чемпионаты өтті
Ұлыбританияда су астындағы шахматтан әлем чемпионаты өтті.
Фото: Reuters
14:41 28.08.2018
Британдықтардың көпшілігі ұнататын спорт түріне ерекше ыңғай табылды. Өткен демалыста лондондық бассейндердің бірінде Су астындағы шахматтан бүкіләлемдік чемпионат өткізілді.
Бұнда шахмат ойнаудың дәстүрлі ережесі бұзылған жоқ. Шахмат тақтайшасы, шахмат тастары. Тек тастар магнитпен жапсырылған. Қарсыластар кезегімен суға жүзіп кіріп, ойын әрекетін жасап отырды. Айта кету керек, олар баллонсыз және акваланг кимей ойнады деуге болады.
Шахматшыларға ауа жетпесе, дем алу үшін су бетіне шығуға рұқсат берілмейді. Қатысушылардың айтуына қарағанда, бұл оларға оңайға түспеген.
Су астындағы шахматты 2011 жылы Ұлыбританияда тұрып жатқан америкалық Этан Илфелд ойлап тапқан. Содан бір жыл өте сала әлем чемпионаты өткізіліп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram