{metadescription}
Нөсер жауыннан 162 мың адам жапа шекті

Нөсер жауыннан 162 мың адам жапа шекті

Таиландта жауған нөсер жаңбырдан кейін су тасқыны болып, 162 мың адам зардап шекті. Табиғи апат корольдіктің солтүстік-шығысындағы 18 провинцияны шайып өтті. 2 апта ішінде су тасқынынан 93 аудандағы 2 318 ауылдың 162,711 тұрғыны зардап шеккен. Төрт адам суға кетіп, қаза тапты. Накхонпханом, Бунгкан, Сакон Накхон, Пхетчабури, Накхоннайок, Чаяпхум, Каласин және Убон Ратчатхани провинцияларын жартылай су басты. Аталған өңірлердің 78 мыңнан астам тұрғыны әлі де апат салдарымен күресуде.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде