Қазақстандықтардың геномын анықтайтын бірегей зертхана ашылады
Қазақстандықтардың геномын анықтайтын бірегей зертхана ашылады

Қазақстандықтардың геномын анықтайтын бірегей зертхана ашылады

Елордада қазақстандықтардың геномын анықтайтын бірегей зертхана ашылады.

Бұл туралы  «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқармасының төрағасы Абай Байгенжин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2018 жылы Бейжіңде өткен ШЫҰ елдері ауруханаларының ынтымақтастығы жөніндегі бірінші форумда еліміздің Ұлттық ғылыми медициналық орталығы ШЫҰ ауруханалары қауымдастығына мүше болып қабылданған.

«Көзделген жобаларды жүзеге асыра отырып, көптеген бағыт бойынша қытай тарапымен тығыз ынтымақтастығымызды кеңейтіп келеміз. Әріптестеріміздің клиникалық тәжірибеде диеталық зерттеулер үшін құрал-жабдықтар, инновациялық материалдар саласында айтарлықтай жетістікке жеткендігін ескеріп, Қытайдың жетекші мемлекеттік «Био Капитал» корпорациясымен түпнұсқа диагностикалық микрочиптерді пайдаланатын бірегей генетикалық зертхананы пайдалануға беру бойынша жұмыстар аяқталды. Диагностикалық микрочиптерді пайдалану әзірше дамыған елдердің тәжірибесінде жоқ. Аталған зертхана жұмысы басталғаннан кейін әлі күнге дейін зерделенбеген қазақстандықтардың толық геномын анықтау саласында жаңа мүмкіншіліктер ашылады. Сонымен қатар онкология мен өзге де бірқатар салада, бірінші кезекте кардиологияда шектеу терапиясы үшін қымбат дәрі-дәрмектерді пайдалану тиімділі артатын болады», - деді Абай Бангенжин.

Сонымен қатар ол Қытайдың Қарамайлы қаласының өңірлік медициналық орталығымен де тығыз жұмыс істеп жатқандықтарын айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.