{metadescription}
Альварес Головкиннің көзіне тік қарай алмады

Альварес Головкиннің көзіне тік қарай алмады

АҚШ-тың Лас-Вегасында Головкин-Альварес жұдырықтасуына қатысты қортынды жиын өтті.

Лас-Вегаста орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы 15 қыркүйекте өтетін қарымта жекпе-жегіне арналған қорытынды баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында Альварес Головкинмен көз түйістіруден бас тартты. Екі спортшы ортаға шақырылғанда, Альварес өз орнынан қозғалмай отырып алды.

Оның себебін «дау болған допинг мәселесіне қатысты сұрақ көп қойылады» деп түсіндірді өзі. Осыған байланысты жиналғандар дәстүрлі көз арбасуды тамашалай алмады. Бірақ Альварес мырза шаршы алаңда Головкиннің көзіне тіке қарауға дайын екен.

Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жек, біздің уақыт бойынша, 16 қыркүйек күні таңғы сағат 8-дер шамасында өтеді

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.