{metadescription}
Роналду Чемпиондар лигасында алғаш рет қызыл қағаз алды

Роналду Чемпиондар лигасында алғаш рет қызыл қағаз алды

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы алғашқы тур аясындағы "Валенсиямен" ойында қызыл қағаз алды. 

Роналду ойынның 29-шы минутында есеп әлі 0:0 боп тұрғанда алаңнан қуылды. Португалдық ойыншы кезекті шабуыл кезінде "Валенсия" қорғаушысы Джейсон Мурильомен соқтығысып, соңы командалық қақтығысқа ұласты.

Қапталдағы көмекшісімен ақылдасқан бас төреші Феликс Брих Роналдуға бірден қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды.

Бұл Криштиану Роналду үшін Чемпиондар лигасы матчтарынан алғаш рет қуылуы болып тұр. Ол еріксіз көз жасына ерік берді.

Валенсияның "Месталья" стадионында өткен матч, "Ювентустың" жеңісімен аяқталды (есеп 2:0).

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.