{metadescription}
Ресейде мектеп оқушылары сал ауруына шалдыққан баланы өртеп жіберді

Ресейде мектеп оқушылары сал ауруына шалдыққан баланы өртеп жіберді

Санкт-Петербор қаласындағы Приморский ауданында жеткіншектер №246 мектептің 5-сыныбында оқитын мүгедек баланың үстіне жанармай құйып, оны өртеп жіберген деп жазады.

11 жасар жәбірленушінің ата-анасы ұлдарын қорлау бұған дейін де болғанын айтып отыр. Олар қазір полицияға арызданып, кішкентай қаскөйлердің жазалануын талап етуде.

«Фонтанка.ру» порталының жазуынша, сал ауруына шалдыққан баланы №635 мектепте оқитын оқушылар өртеген. Олар өз құрбандарын Планерный көшесінде күтіп алып, оны «бізге жала жаптың» деп айыптай бастапты. Әңгімеден бас тартып, өз жолымен кетпек болған баланы олар күшпен тоқтатып, үстіне жанғыш сұйықтық құйып, қорықпастан от қоя салған.

Жәбірленуші сырт киімі мен рюкзагын дереу шешіп үлгеріпті. Осының арқасында оның денсаулығына айтарлықтай зиян келмеген. Шошынған баланы оқиғаға куә болған өзге оқушылар үйіне дейін апарып тастапты. Оның ата-анасы болса дереу полицияға арыз жазған. Айтуларынша, бұған дейін де аталған қаскөйлер мүгедек баланы қорлаған екен. Атап айтқанда, 9 қыркүйек күні бір топ оқушы оны ұрып-соғып, электрошокер арқылы денесіне тоқ жіберген. Ал, арада тағы бірнеше күн өткеннен кейін баланың бетіне бояу жағып кетіпті.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде