{metadescription}
Ғалымдар арықтаудың қарапайым әдісін ойлап тапты

Ғалымдар арықтаудың қарапайым әдісін ойлап тапты

Ғалымдар артық салмақтан арылудың қарапайым әдістерін ойлап табуда. Олардың арасында кейбіреуі  миға сыйымсыз.

Салмақ өлшейтін таразыдағы цифрды өзіңді де, көзіңді де алдап өзгертуге болады дейді. Австралиялық және британдық ғалымдар салмағын жоғалтқысы келетіндер «ойдың күші» арқылы ари алады деген қорытындыға келді.

Сонымен, зерттеуге қатысқан 140 адамды екі топқа бөліп, екі топппен психологтар жұмыс істеді. Бірінші топтағыларды салмағынан арылғанда түрі қандай болатынын және өмірінің қалай өзгеретінін елестетуді сұрады.

Ал екінші топтағылар арып кетсе оны қандай сый күтіп тұрғанын және сондай күрделі ару жолын таңдауға не себеп болғаны туралы айтып беруін сұрады.

Нәтижесінде "ойлау күшін" қолданғандар орташа алғанда 4,11 келіге арыған. Ал екінші топтағылар тек 0,74 граммаға ғана.

Нью-Йорктегі Колумбия университетінің ғалымдары анықтағандай, қыпша белдің құпиясы - спортпен айналысқаннан емес., Майлы және тәтті тағамға құмарлықты екі ингредиент - зімбір мен дәмдеуіштерді азайтуы мүмкін.

 Мұндай тұжырымға себеп: тамақтану арқылы жүргізілген тәжірибе. Онда артық салмағы бар адамдарға чили дәмі бар тағам мен зімбір шайын ішкізген. Ғалымдардың айтуынша, сонда олардың тәттілер мен майлы тағамға деген тәбеті азайған. Сонымен қатар, осы екі өнімнің арқасында ағзасын белсенді ингредиент - капсаицинмен және империнголмен толтырған. Ол терлетіп, зат алмасу, ас қорытуды жылдамдатады. 

Ал Олбани университетінің ғалымдары салмақ жоғалту үшін ашығып немесе жаттығулармен айналысудың қажеті жоқ. Артық салмақтан арылу үшін миға артық психикалық жүктеме жасау керек екен.  Доцент Эван МакНи түсіндіргендей, адам миы дененің жалпы энергиясының шамамен 20 пайызын тұтынады, дегенмен, оның массасы жалпы дене салмағының тек 2% -ын құрайды. Яғни, күрделі тапсырмалар жасап, математикалық есептер шығарып, миды терең жұмыс істетсең, ол салмағыңды азайтады. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде