Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Жасанды мүше жасатқан ер адам алғашқы төсек қатынасында комаға түсіп қалды
Британдық азамат Эндрю Вэрдл бионикалық мүше жасатып, алғаш рет төсек қатынасына түсті.
16:30 01.10.2018
Жасанды мүшемен алғашқы қатынастан соң ер адам комаға түсіп қалды. 45 жастағы Эндрю Вэрдл бір апта бұрын қызу көтеріліп, жүрегі айнып ауырған. Өзі мен сүйіктісі 28 жастағы Федра Фабиан оны нейровирус жұқтырды деп ойлады. Ер адам емханада бес күн комада жатты.
Дәрігерлер мен сүйіктісі оның денсаулығының нашарлауына төсек қатынасы себеп болды деп ойлаған. Алайда ер адамның өт жолы дұрыс жұмыс істемеген. Енді өтін ота арқылы алуы тиіс.
Вэрдл туғанда қуығында экстрофия мен эписпадия дертімен ауырған. Бұл ауру сирек кездеседі. Адамның денесіне тарап жыныс мүшесін мүлде жарамсыз қылып тастайды.
Оның жыныс мүшесіне ота жасатқанға дейін тек жұмыртқасы ғана болған. Мұндай жайт тек 20 млн адамның бірінде ғана кездеседі.
Дәрігерлер протез салу үшін оның терісін, бұлшықеті мен қолының тіндерін алды. Ота 10 сағатқа созылды. Мүшесі жұмыс істеу алуы үшін батырман басуы тиіс болды.
Ер адамның өзі отадан соң мүшесінің жақсарғанын, сүйіктісімен бала сүйе алуы мүмкін екенін айтады.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары