{metadescription}
Қостанайлық полицейлер бала ұрлығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қостанайлық полицейлер бала ұрлығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қостанай облыстық ІІД Затобол кентіндегі бала ұрлығы туралы ақпаратты растамады.

Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлердің айтуынша, 2018 жылғы 1 қазанда Затобольск кентіндегі №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу бүлдіршіннің алқымынан алып, оны қызыл түсті көлігімен белгісіз бағытқа қарай алып кеткен. Полицейлер бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізді.

Полицейлер оқиғаға байланысты іздеу шараларын өткізді. Полиция сұранымы бойынша Затобол кенті мектебі оқушыларының ата-аналарынан жауап алынды. Нәтижесінде, қызыл түсті «Volkswagen Jetta» авткөлігі бар 43 жастағы Затобол кентінің тұрғыны анықталды.

Белгілі болғандай, 43 жастағы ер адам сол күні 4 жасар ұлымен «Березка» дүкенінен шыққан. Баласы жерге құлап қалып, дауыс көтере бастаған. Әкесі оны көлігіне отырғызып, үйіне алып кеткен. Кейінірек арыз жазушы ер адамды, оның баласы мен автокөлікті таныды.

Полицейлер бала ұрлығы туралы фактіні растамады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.