Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Лаңкестік әрекетке қатысы бар күдікті Грекиядан Қазақстанға жеткізілді
2 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері Дастан Хайсинді Грецияның Афины қаласынан Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17:00 02.10.2018
Дастан Хайсин - Қарағандының тумасы. Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген.
Хайсинді құрықтау және кейіннен экстрадициялау қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстанның Грециядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Грециялық серіктестермен бірге жүргізілген жұмыс нәтижесінде халықаралық іздеудегі күдікті қолға түсті. Бүгінде Хайсин қамауда отыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram