Қалың қардан 17 адам зардап шекті
Қалың қар қалада 170 жол апатына ұшыратты, бірнеше адам зардап шекті.
09:20 03.10.2018
Сейсенбі күні Канаданың батыс өңіріндегі Калгари қаласында (Альберта провинциясы) рекордтық көлемде жауған қар салдарынан 270-ке жуық жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Calgary Herald газеті жазып отыр.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, қалада 267 апат болып, 17 адам зардап шеккен. Қардың қалыңдығы 30 см-ге жеткен. Мерт болғандар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін 1914 жылдың 4 қазанында осында ең көп қар түскен еді. Онда қалыңдығы 29,7 см болған. Қазіргі уақытта көрші қалалардан де шұғыл көмекке келіп, бәрі қалың қарды аршып жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!