{metadescription}
Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері деп танылды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамасы жаңа әдіс бойынша қайтадан тексеріліп, Халықаралық Олимпиада комитеті ресейлік Татьяна Лебедеваның допингке қарсы ережені бұзғаны анықтады. Атап айтар болсақ, оның 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы көрсеткіші күмән тудырған болатын. ХОК оның көрсеткішін жоққа шығарды.

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден төртінші орын алған болатын. Алайда, грекиялық Хрисопия Деветцидің допинг сынамасы қайта тексеруден өткен соң, ол қола медалінен айырылып, Рыпакова үшінші орынға шыққан. 

Лебедева өзінің кінәсі жоқ екенін екі жыл бойы дәлелдеуге тырысты. Бірақ 2016 жылдың 12 қыркүйегінен бастап ресейлік спортшы екі жылға спорттан шеттетіліп, оның 2008-2010 жылдар аралығындағы нәтижесі жоққа шығарылды.  Осылайша, Ольга Рыпакова үш Олимпиадада жүлде алған спортшы атанып отыр. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алтын, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған еді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.