{metadescription}
Балқашта 2 жасар бала жоғалып кетті

Балқашта 2 жасар бала жоғалып кетті

Бала үйдің ауласына шығып кеткен, содан бері оралмаған.

Кеше Балқаш қаласының Теxснаб елді мекенінде аулада ойнап жүрген 2016 жылы туылған бала із-түзсіз жоғалып кеткен. Бекнұр Дәрігүл 2 қазан күні сағат 12:00 шамасында өз үйінің ауласында ойнап жүрген бала ата-анасының көзі тая бере шарбақтан шығып кеткен.

Сәбидің ата-анасы баланың жоқтығын бір сағаттан кейін байқаған, олар бірден полицейлер мен құтқарушыларға xабарлаған. Ата-анасы оның қақпаны қалай ашқанынан бейхабар.

Жоғалған бала тұратын үйден 250 метр қашықтықта Балқаш көліне құятын су арнасы ағып өтеді. Құтқарушылар мен сүңгуірлер жағалауды, қамыс нуы мен көл суын да қарап жатыр. Сәбиді іздеу шараларына төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен қатар еріктілер де жұмылдырылған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде