{metadescription}
Петропавлда автобусқа соғылған мотоциклші қаза тапты

Петропавлда автобусқа соғылған мотоциклші қаза тапты

Петропавлда автобус пен мотоцикл соқтығысып қалды.

Жұмыс кентіндегі апаттың суреттері әлеуметтік желідегі жергілікті парақшаларға тарады. Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Украинская және Фурманов көшелерінің қиылысындағы көліктердің соғылып қалғанын растады.

«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақаттан көз жұмған. Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Петропавлда жолды кесіп өтпек болған ер адамды көлік қағып, мерт қылған еді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде