Сталиннің басын көлік капотына қойып қойған
Британдық тележүргізуші Сталиннің бас мүсінін көлік капотына қойып, бүкіл Грузияға саяхаттады.
14:20 04.10.2018
Бұл – The Grand Tour автокөлік шоуының кезекті түсірілімі болса керек. Бағдарлама жүргізушілері Джереми Кларксон, Джеймс Мэй и Ричард Хаммонд түсірілім тобымен Грузия еліне келіп жеткен көрінеді. Кларксон тізгіндеген көк Bentley-дің капотындағы кеңес “көсемінің” бас мүсіні, Иосиф Виссарионовичтің музейіне кіріп шыққан соң пайда болған.
Аталмыш бейнеролик желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Шоумендер жолай Қытайдағы Мао Цзэдунның музейіне де бас сұққан көрінеді. Осыған қарағанда бағдарлама сюжеті әлемге әйгілі диктаторлармен байланысты болуы мүмкін.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!