{metadescription}
Егіз қызы бар ақтөбелік келіншек Алматыдан табылды

Егіз қызы бар ақтөбелік келіншек Алматыдан табылды

Жоғалып кеткен Ақтөбе қаласының тұрғыны Айдана Мұхаммеджанова бір айдан соң Алматыдан табылды.

 «2-3 қазан аралығында ҚР ІІМ мен ТМД елдерінің ІІМ бірлесіп, «Іздеу» мемлекетаралық жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жоғалып кеткен Айдана Мұхаммеджанова Алматы қаласынан табылды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Ақтөбелік келіншек "Алтын бала" балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді. 24 жастағы Айдана Мұхаммеджанова 28 тамызда жұмысқа барып, содан бері хабарсыз кеткен. Әрі қарай көрдім, білдім деген адам жоқ. Мінезі тұйық, ешкіммен ашық сөйлеспейтін болған. Айдана Мұхаммеджанованың Айша мен Бибі атты егіз қызы бар.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде