{metadescription}
ФУТБОЛ: «Астана» француздық «Ренн» командасын жеңді

ФУТБОЛ: «Астана» француздық «Ренн» командасын жеңді

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойында «Астана» өз алаңында Францияның «Ренн» командасын 2:0 есебімен ұтып, К тобында 4 ұпаймен көш басына шықты.

«Астана» сапынан алаңға Эрич, Рукавина, Аничич, Энрике, Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Алмейда, Кабананга, Постников, Шомко шықты. Алғашқы таймда есеп ашылмады. Ойынның 64-минутында Томасовтың бұрыштама добынан соң Бахтиер Зайнутдинов қарсылас қақпасына гол соқты. Ал 91-минутта Томасов екінші голды соғып, «Астанаға» жеңіс сыйлады. 

Осылайша, «Астана» төрт ұпаймен К тобының көш басына шықты. Үшінші турда «Астана» клубы Чехияда «Яблонецпен» кездессе, ал «Ренн» киевтік «Динамоны» қабылдайды. Екі матч та 25 қазан күні өтеді. 

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» алғашқы іріктеу кезеңінде өз алаңында Черногорияның «Сутьескасын» 1:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда 2:0 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші іріктеу кезеңінде олар Данияның «Мидтьюлланд» клубын (2:1, 0:0) тізе бүктірді. Дегенмен үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубына (0:2, 0:1) есе жіберіп қойды. Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ клубынан сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіліп, өз алаңында дәл осы есеппен жеңіске жетті. Жеңімпаз ойын соңындағы пенальти тебу арқылы анықталды. «Астана» Еуропа лигасы топтық кезеңіне жолдама алды. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде