{metadescription}
Алматыда мас әйелдің аяғын көлік жұлып кетті

Алматыда мас әйелдің аяғын көлік жұлып кетті

35 жас шамасындағы әйел дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Алматыда кеше кешке жантүршігерлік жол апатынан әйел адам ажал құшты. Жол апаты Райымбек даңғылында Бауман көшесінен сәл әріректе болған.

Куәгерлердің айтуынша, 35 жас шамасындағы әйел мас болған, ол жолдың ортасында тұрған. Осы кезде шығыс бағытта Mercedes көлігі келе жатқан екен.  

Жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермей, әйелді бар жылдамдықпен келіп соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, әйелдің оң аяғын жұлып кеткен. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде