{metadescription}
Екі автобус соқтығысып, 13 адам қайтыс болды

Екі автобус соқтығысып, 13 адам қайтыс болды

Оқиға орнына жол полициясы қызметкерлері, дәрігерлер, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келді.

Ресейдің Калинин облысы Некрасов ауылында Ford Transit шағынавтобусы «ЛиАЗ» автобусымен соқтығысты. Салдарынан 13 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, тағы 4 адам жарақат алған. Оның екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Зардап шегушілерді Ми-8 тікұшағы арқылы тасымалдаған.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, жол-көлік апатына автобустың жолдың қарсы жолына шығуы себеп болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Тверь облысының губернаторы Игорь Руденя апат болған жерге барып, зардап шегушілер мен олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Психологтар апаттан зардап шеккендердің туыстарымен жұмыс жүргізуде.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде