Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Хабиб кешіккен Макгрегорді күтпей кетіп қалды
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек алдындағы кезекті баспасөз мәслихатына жарты сағатқа кешігіп келді.
18:30 05.10.2018
Шара Астана уақытымен таңғы 04:00-де басталды. Баспасөз мәслихатына ерте келген Нурмагомедов және UFC басшысы Дана Уайт қатысты.
15 минуттан кейін ресейлік файтер МакГрегорды күтпейтінін, бүгін оның салмақ түсірудегі маңызды күні екенін айтып, баспасөз мәслихатынан шығып кетті. Ресейлік мұндай кешігуді құрметсіздік деп атады. Осыдан кейін баспасөз мәслихатына үстіне майка, ал аяғына тәпішке іліп алған ирландиялық кірді.
"Бір-екі минут кешігіп едім қашып кетіпті. Ол менің көзіме қарағысы келмейді, сіздер ді де көргісі жоқ", - деді МакГрегор.
Жақында Нью-Йоркте ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегордың жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты мен көз арбасу рәсімі өткен болатын.
Дереккөз: vesti
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram