{metadescription}
Салмақ өлшеу рәсімінде МакГрегор Хабибты ұра жаздады

Салмақ өлшеу рәсімінде МакГрегор Хабибты ұра жаздады

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор күш сынасатын UFC 229 турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 келі) чемпиондық атақты сарапқа салатын қос мықты салмақ лимитінмен сәйкес келді. Нурмагомедовтің салмағы 70,3 келі болды, ал қарсыласы одан 300 грам жеңіл тартты.

Ал көз арбасу сәтінде Конор өз әдетіне салып тағы да шу шығарды. Бірі-біріне қарама-қарсы қарап тұрғанда, ирландық қарсыласын төбелеске арандатпақ болып, кейін аяғымен теппек болды. Ал қолын сілтегенде компания президенті Дана Уайтқа тиіп кетті. Жанкүйерлер асыға күткен жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 қазан күні таңертең Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Айта кетсек, Конор МакГрегор жекпе-жек алдындағы кезекті баспасөз мәслихатына жарты сағатқа кешігіп келіп, Хабиб оны 15 минут күтіп кетіп қалған болатын. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде