{metadescription}
Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді

Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді

Алматыда көпқабатты үйдің шатыры отқа оранды.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 12:56-те өрт туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Кезекші пультіне Әуезов ауданы Науаи көшесі, 68 мекенжайындағы 14 қабатты ғимараттың шатырынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті.

Олар барғанда желдету жүйесінің жылыту материалдары отқа орана бастаған. Өрт күндізгі 13:11-де ауыздықталды. Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртенген үйден 73 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.