{metadescription}
Ең жас миллиардерді ұрлап кетті

Ең жас миллиардерді ұрлап кетті

Африканың ең жас миллиардері  Мохаммед Девджиді Танзанияның қаласы Дар-эс-Саламда ұрлап кетті, деп хабарлайды bbc.com.

Полицияның айтуынша, 43 жастағы бизнесмен Девджиді таңертеңгі жаттығуға бара жатқанда элиталық қонақ үйдегі спортзалдың жанында бетперде киген адамдар ұрлап кеткен. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері үш адамды ұстады, бірақ олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы белгісіз. Алдын-ала мәліметке сәйкес, екі адам шетелдік болып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, миллиардерді алып кетпес бұрын, ұрлық жасағандар бірнеше рет аспанға оқ атқан. Оның фитнес-нұсқаушысы Девджи жаттығу залына оққағарсыз жалғыз келген. Бұл туралы жергілікті полиция комиссары Пол Маконда мәлімдеді. Бұған қоса ұрлап кеткен екі адам ақ нәсілді болған деді ол.

Forbes журналы Девджидің байлығын 1,5 миллиард долларға бағалап отыр. Ол Танзаниядағы жалғыз миллиардер. 2016 жылы ол өзінің байлығының жартысын қайырымдылыққа беруге уәде берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.