{metadescription}
Канадалықтар боксшы Садриддин Ахмедовты «қазақстандық сенсация» деп атады

Канадалықтар боксшы Садриддин Ахмедовты «қазақстандық сенсация» деп атады

Канадалық бұқаралық ақпарат құралдары 20 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовты (4-0, 4 КО) «Қазақстандық сенсация» деп атады.

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ахмедов Хесус Хавьер Мендосаны (7-6-1, 6 КО) нокаутқа жіберуге небәрі 57 секунд жұмсады.

«Міне, дайын! Ахмедов Мендосаны жеңді. Рефери 57-секундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Қазақстандық сенсацияның тағы бір жылдам жеңісіне куә болып отырмыз», - деп жазды Туиттерде Ringsideblog.com журналисі Жан-Филипп Арканд.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста осы кезге дейін өткізген төрт кездесуін де нокаутпен аяқтаған. Соның үшеуі тек бір ғана раундқа созылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде