Жарыстарға қатысып жүрген иттері өз қожайынын талап өлтірді
Мәскеу түбіндегі Рамен ауданында әйелді өзінің асырап жүрген иттері талап өлтірді.
Фото: galas.te.ua
12:11 15.10.2018
Иттерін жарыстарға қатыстырып, бірнеше мәрте жүлдегер атанған Марина Быстрованы өз иттері талап өлтірді.
Бұл туралы РФ СІМ Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Ольга Врадий мәлімдеді.
Вялки ауылында екі ит өз қожайынына тап беріп, талап өлтірді, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қазір қайғылы оқиға болған жерге тергеушілер келіп, мастиф тұқымды иттердің өз қожайынына жасаған шабуылының себебін анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!