Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде ер адам мен әйел түсініксіз жағдайда қайтыс болды
Өскеменде ер адам мен әйел түсініксіз жағдайда суға батып кетті.
Фото: yk.kz
13:20 15.10.2018
Оқиға 12 қазанда шамамен сағат 17.45-те куәгерлердің көз алдында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі yk.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізуші болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғындардың бірі Ділмұрат Ниязов сол күні Ертіс өзенінің жағалауында серуендеп жүрді. Содан ол жағада тұрған балықшыға жақындап, онымен әңгімелесе бастайды. Кенеттен жағалау бойымен өтіп бара жатқан жолаушылар қастарынан ер адам мен әйелдің суға ағып бара жатқанын көрді.
Олар тірі болғанымен бірақ жағада айқайлап, өздеріне көмектескісі келген жолаушыларға назар аудармады. Олар тіпті көмек те сұрамады және адамдарға қарай жүзіп баруға тырыспады, яғни оларға мән бермей мүлдем жауап бермеді.
Ал оларды көріп қалған Ділмұрат жағалау бойымен арттарынан жүгіріп, құтқарушылар мен және жедел жәрдемді шақырды. Бір сәтте ағын әйелді жақтауға жақын орналасқан аралға шайып шығарды. Сол кезде Ділмұрат суға секіріп, оны жағаға алып шықты. Бірақ ол кезде әйел ессіз болған.
Кейінірек құтқарушылар ер адамды судан алып шықты. Суға кеткен екеуі де киімдерімен, сөмкелерімен және құжаттарымен болған. Қайтыс болған ер адам 1972 жылы туған, ал әйел 1986 жылғы. Ер адам да, әйел де осындай түсініксіз жағдайда қайтыс болды.
Қазір полицейлер оқиғаның себебін анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram