Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Деонтей Уайлдер бағдарламада қызметкердің жағын ұрып сындырды
Чемпион оның ішінде адам барын білмеген.
14:48 15.10.2018
Аса ауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) ESPN арнасындағы телешоу кезінде маскоттың жағын сындырды, - деп хабарлайды BoxingScene.com. Боксер басына самбреро киген мұртты тұмарды тым қатты ұрып, құлатып тастады. Кейін Уайлдер зардап шеккен адамнан кешірім сұрап, оны келесі жекпе-жегін тамашалауға шақырды.
"Мен костюм ішіндегі батыл жігіттен кешірім сұраймын, расымен зардап шексе", - дейді чемпион. - Бұған қатысу ұсынысын қабылдағаны үшін сыйлаймын. Ержүректілігі мен батылдығы үшін құрметтеймін. Жарақат алғаны рас болса, 1 желтоқсанда Тайсон Фьюримен жекпе-жегіме шақырып, кінәмді шайғым келеді".
Сонымен бірге, Уайлдер маскоттың ішінде адам барын білмегенін айтады: "Иә, ішінде адам баласы барын білмедім. Ол алыстан басқарылатын құрылғы деп ойладым. Костюмдегі жігітке тағы бір құрмет білдіремін". Алайда, кейін ESPN арнасы жарақат туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram