Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада зейнеткер таксиде 6 млн теңгесін ұмытып кеткен
Астанада зейнеткерге жоғалтып алған 6 миллион теңгесін тауып алды.
15:38 15.10.2018
Елордалық полицияның «Байқоңыр» аудандық ІІБ хабарлағандай, 70 жастағы зейнеткер әйел банктегі есеп шотынан қомақты қаражат шешіп алып, сосын таксиге отырады. Діттеген жеріне жеткен соң сол көліктің артқы орындығында бар ақшасын ұмытып кетеді.
«Зейнеткердің айтуынша, қаладағы банктердің бірінен ол ірі сомадағы қаражатын шешіп алып, көшеге шығып, ақ түсті таксиге отырған. Жететін жеріне жетіп алғаннан кейін әлгі зейнеткер таксидің артқы орындығына ақша толы пакетін ұмытып, көліктен түсіп кеткен. Осыдан кейін зейнеткер полицияға хабар берген», - делінген хабарламада.
Қалалық тәртіп сақшылары видеобақылау арқылы ақ түсті «Хонда» маркалы көліктің әлгі әйелді жеткізіп тастағанын анықтайды. Осылайша, такси жүргізушісі полицияға жеткізіліп, оның көлігінің артқы орындығынан ақша толы пакет жатқаны анықталған. Ақшасын қайта тапқан зейнеткер полицейлерге алғыс айтты. Зейнеткер ақшасын тез тауып берген полицейлерге алғысын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram