Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ОҚО-да 3 мың теңге үшін көршісін пышақтап, тонап кеткен
3 мың теңге үшін екі жігіт үй тонап, кісі пышақтаған.
21:00 15.10.2018
Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылының 24 жастағы екі тұрғыны көршісінің үйіне ұрлыққа түскен, деп хабарлайды otyrar.kz. Суық қолдыларды байқап қалған үй иесін екі ауылдасы пышақтап тастаған. Ұрлыққа түскен үйден асхана пышағын алып үй қожайынының кеуде тұсы мен арқасына сұғып алған. Үйді тінтіп шығып, табылған 3 мың теңгені місе тұтуға тура келген. «Қазыналарына» көңілі толмаған олар жарақаттанған үй иесіне «тағы да 20 мың теңге ертеңге дейін дайындап қоюды» тапсырып кеткен.
Бұл оқиға қазанның 7-не қараған түні болған. Үйге ұрлыққа түсіп, 46 жастағы үй иесін пышақтаған екеудің қылмыс кезінде алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды. Масайған екі жігіт екі күнге ауылдан алыстау кетіп әбден тынығып алады. Содан кейін есін жиған олардың бірі бірден қашып кеткен. Екіншісін өз үйіне келген уақытта 10 -қазан күні полицейлер қолға түсірген.
«Құрықталған күдіктіге ҚР ҚК — нің 194 бабы 2-ші бөлігі 1-2 тармақтарымен, яғни, топ болып күш қолданып қорқыту, сондай — ақ ҚР ҚК — нің 191 бабы 2 бөлігі 1,2,3 тармақтарымен, топтанып зорлық қолданып тонау, бөтеннің баспанасына кіру бойынша айып тағылған. Тергеу кезінде күдікті қамауда болады немесе 6 млн. теңге кепіл төлеп бостандыққа шығуына мүмкіндігі бар»-деп хабарлайды Бәйдібек аудандық сотының судьясы Сапаралы Байтенов.
Судья-координатордың мәлімдеуінше, кепіл ақша ұсынылмаған, айыпталушы күзетпен қамауда. Ұсталған күдіктінің сыбайласына іздеу жарияланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram