Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Халықаралық әуежай өртке оранды
Кения астанасы Найробидегі Джомо Кениаты атындағы халықаралық әуежай өртке оранды. Дүйсенбі күні түстен кейін Найробидің Джомо Кениаты халықаралық әуежайындағы жанармай қоймасы өртке оранды. БАҚ мәліметіне сүйенсек, жалын жанармай қоймасынан шыққан. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы деректер берілген жоқ. Кениялық Star газетінің жазуынша, өрт әуежай қызметіне, яғни ұшақтардың ұшып-қонуына бөгет бола қоймаған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат арпалысқан.
01:00 16.10.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!