Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Вокзалда белгісіз біреулер адамдарды тұтқынға алды
Германияның Кельн қаласының орталығында белгісіз біреулер адамдарды кепілдікке алып, ұстап отыр.
09:16 16.10.2018
Бұл туралы қалалық полицияның Twitter парақшасында хабарланды.
"Бреслауэрплац алаңында адамдар тұтқынға алынды. Полиция күштері оқиға орнына келді және мән-жайды анықтап жатыр", - делінген полицияның Twitter желісіндегі парақшасында.
БАҚ көздеріне сүйенсек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен төтенше қызмет шұғыл оқиға орнын келіп, мән-жайды анықтап жатыр. Куәгерлердің кейбірі оқ атылғанын хабарлады, бірақ полиция бұл деректі әзірге растаған жоқ. Болған оқиға салдарынан вокзал эвакуацияланып, пойыздар кешігіп жатыр, деп мәлім етті теміржол өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram