{metadescription}
Қостанайда аудандық ІІБ ғимаратына оқ жаудырған

Қостанайда аудандық ІІБ ғимаратына оқ жаудырған

Қостанай облысына қарасты Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімінің ғимаратына белгісіз біреулер түн ортасында оқ жаудырған.

Қазіргі таңда оқиға орнында облыстық ІІД - ден арнайы барған тергеу тобы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Baq.kz. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аталмыш оқиға кеше түнде болған.Түн ортасында ешқандай мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ қара түсті авто көлік ІІБ ғимаратының жанына келіп тоқтап, суық қарудан оқ атып, кейін ізін суытыпты.

«Аудан орталығында кеше күні бойы облыс орталығынан келген арнайы тергеу тобы жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртібінде көшкен. Олар ауданға кіріп-шықан барлық көліктерді тексеруде. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Қазір жергілікті учаскелік полиция инспекторлары үй-үйді аралап, суық қаруы барларды тексеріп жүр», - дейді атын атамауды өтінген жергілікті тұрғын.

Біз осынау суыт хабарды алған бетте Облыстық ІІД хабарласқан болатынбыз. Ондан төмендегідей жауап алдық.

«Меңдіқара ауданында ІІБ ғимаратына оқ жаудыру оқиғасы болғаны рас. Қазіргі таңда аталмыш қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл факт СДТБТ тіркелді», - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде