{metadescription}
LinkedIn арқылы жұмыс ұсынатын алаяқтардан сақ болыңыз!

LinkedIn арқылы жұмыс ұсынатын алаяқтардан сақ болыңыз!

Алаяқтар көбіне ірі шетелдік компаниялардың немесе жеке кәсіпкерлердің кадрлық бөлімі болып келеді.

Ішкі істер министрлігі «LinkedIn» әлеуметтік желісін пайдаланып алаяқтық оқиғаларының көбеюі туралы ескертеді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің өкілі Алмас Сәдубаев. Олар желіні пайдала отырып, байланыстарды орнату үшін алаяқтар жалған профильдер жасайды, кейін Ұлыбританияда жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынады.

Егер сіз олардың ұсыныстарына қызығушылық  танытсаңыз, олар сізге виза үшін 1,300 - 5,000 фунт стерлинг төлеуге қажетті хабарлама жібереді. Назар аударыңыз! KTK телеарнасы LinkedIn арқылы жұмыс орындарына орналастырмайды! Сақ болыңыз және алданбаңыз.

Есіңізде болсын, сіз туралы ақпаратты келесі мақсаттарда пайдалана алады:

• Олар басқа жалған профиль жасап алып, тағы бірнеше адамдарды алдауы мүмкін;

• Сіздің компания туралы құпия мәліметтерді ұрлайды;

• Олар сіздің компанияңыздың компьютерлік жүйесін бұзуы мүмкін;

• Вирустарды тарата алады;

• Сізді өздерінің шоттарына ақша аударуға мәжбүр етуі мүмкін;

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.