Шымкентте полицейді пышақтап кетті
Келеңсіз жағдай тәртіп сақшыларының көшелерді бақылау кезінде болған.
09:17 18.10.2018
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері патруль кезінде көлік тұрағы жанынан күдікті тұлғаларды көріп, мән-жайды білмек болады, алайда ер адамдардың бірі қашуға тырысқан. Автотұрақта күдікті адамдарды байқап, оларға қарап жақындайды. Сол кезде күдіктінің бірі қаша жөнелген. Оны қуып жеткен полицей айтарлықтай қарсылыққа тап болған.
Ер азамат құқық қорғаушыға жұдырығымен бірге пышағын да ала жүгірген. Тіпті, суық қаруды бірнеше рет сұғып та үлгеріпті.
Жаралы полиция қызметкері қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!