Мұғалім оқушыны ұрып-соққан
Ташкент қаласындағы №29 орта мектеп оқушысының ата-аналары тарих пәнінің үстінен құқыққорғау органдарына арыз түсірді.
09:50 18.10.2018
Арызданушылар алтыншы сынып оқушысын мұғалім ұрып-соқты деп отыр, деп хабарлайды centralasian.org. Мектеп оқушысы Билолбекті 15 қазанда тарих пәні сабағында мұғалім ұрған. Бұл туралы оқушының өзі айтып берді.
"Сабақта досым менен қалам сұрады, мен одан үй жұмысын сұрадым. Мұғалім менің сөзімді естіп қойым, басымнан ұра бастады. Сосын дәлізге шығарып, мені қатты ұрды, тұншықтырды. Мен жылап жібердім, директорға айтам деп айттым. Мен одан қашып бара жатқанда, ол ұстап алып тағы ұрды. Бірнеше рет басымды қабырғаға ұрғылады. Менің құсқым келіп, басым айналды. Мектептен қашып шықтым", - деді Билолбек.
Оқушының мойнында соққы іздері қалған. Билолбек оны мұғалімнің ісі деп отыр. Тарих пәнінің мұғалімі оқушыны ұрды дегенді жоққа шығарды.
"Ол сабақта тыныш отырмады. Мен оған 3-4 мәрте ескерту жасадым. Ол сөз қайтара бастады. Мен оған тақта шық дедім. Ол: "Мен неге тақтаға шығуым керек?" деп жауап берді. Менің оның қасына барып, тақтаға шығуын тағы сұрадым. Ол мені боқтай бастады. Ол класстан шығып кетті, мен артынан шықтым. Мен оның мойнынан қаттырақ ұстаған болуым керек, із содан қалған шығар", – деп ақталды мұғалім.
Билолбектің туыстары медициналық сараптамадан өткен, бірақ оның нәтижесі әлі дайын емес. Оқушының ата-анасы құқыққорғау органдарына арызданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!