Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жетті
Керчь қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті.
10:28 18.10.2018
«Колледжде қаза болғандар саны - 20 адам. Соңғы катафалк мәйітханаға үш адамның емес, төрт адамның мәйітін жеткізді. Тағы бір адам табылған», - деді қалалық әкімшілік басшысының орынбасары Дилявер Мельгазиев.
Еске салсақ, кеше РФ Қырым Республикасының Керчь қаласындағы колледжде жарылыс болды. Колледжге қолына қару ұстаған адам кіріп, жолында кездескендерге оңды-солды оқ жаудырған. Қанды қырғын ресми түрде лаңкестік әрекет деп танылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары