Қостанайда анасы баласымен бірге жоғалып кетті
Қостанайда 30 жастағы Анара Хидирова мен 10 жасар ұлы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
10:54 18.10.2018
«1988 жылы туған Хидирова Анара Фархадовна іздестірілуде. Ол 2018 жылғы 16 қазанда 10 жасар баласы Сантай Арсен Нұрболұлымен бірге Әулиекөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Әйелдің бойы - 150-155 см, орташа денелі, шашы қара түсті, иығына дейін түскен. Үйінен қызыл куртка, сұр бас киім, сұр шалбар мен кроссовка киіп шыққан. Ұлының бойы - 100-110 см, ол көк түсті куртка мен шалбар, қара туфли киген. Полицейлер жоғалып кеткендер туралы кез келген ақпараттарды Әулиекөл аудандық ІІБ-не немесе 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!